Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Ресей мен Украина арасындағы жағдайды АҚШ реттей ала ма?

Азамат Ахметов

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Киевке барған сапарында Ресейді Украинаға қарсы «көзсіз агрессияшыл әрекетін» тоқтатуға шақырды.

— Біз сіздерді қолдаймыз… әрі Ресей көзсіз агрессияшыл әрекетін тоқтатады деп үміттенеміз, –  деді Блинкин Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесуде.

Сарапшылар Блинкиннің Киевке бір күндік  сапарын Ресеймен арасы қайта ушыққан Украинаны Ақ үйдің қолдайтындығының  белгісі ретінде бағалады.

Блинкен Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулебаға Вашингтон екі ел арасындағы әріптестікті «сенімді түрде қолдайтынын»  және Украинаның егемендігін, аумақтық тұтастығы мен тәуелсіздігін құрметтейтінін мәлімдеді.

Өткен айда Ресей Украинамен шекара аймағына ондаған мың әскер апарды. Ресей Украинаның Қырым түбегін өзіне қаратып, Донбастағы сепаратистік күштерге қолдау көрсете бастаған 2014 жылдан бері бірінші рет шекараға осынша көп әскер шоғырландырды.

— Ресей Украина шекарасынан біраз әскерін кері әкеткенін білеміз, бірақ ол жерде әлі де біраз әскер қалғанын көріп отырмыз, –  деді Блинкен.

Киев Вашингтоннан әуе қорғаныс жүйелерін және снайперге қарсы технологияны сұратқан. Сонымен қатар Украинада Patriot зымырандарын орналастыру мүмкіндігі туралы да айтылған.

Сізге қызықты болады