Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Қазақстанда бес жүз кәсіпорын жұмысшылардың 12 млрд теңге жалақысын бермей келген

Азамат Ахметов
Фото: ашық дереккөзден

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 10 мыңға жуық жұмыскердің құқығын қорғады, деп хабарлайды Qonaev.info.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, осы жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 499 кәсіпорнының 12,6 мың жұмыскер алдында 2 млрд 845 млн теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешек екенін анықтады.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 414 нұсқама беріліп, 67,9 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

«Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң сақталуы тиіс кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 9,9 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 2 млрд 319,7 млн теңге төленді», - делінген хабарламада.

Сізге қызықты болады