Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Қарағанды облысында мүгедек жандардың еміне бөлінген қаржы жымқырылған

Азамат Ахметов

Қаржылық мониторинг агенттігі Қарағанды облысында мүмкіндігі шектеулі жандардың еміне бөлінген қаржыны жымқыру дерегін анықтады.

Агенттіктің баспасөз қызметі мәлім еткендей, «Qamqor» жедел-алдын алу шарасы барысында анықталған мүмкіндігі шектеулі жандарды санаториялық-курорттық емделу, сауықтыру демалысымен қамтамасыз етуге бөлінген бюджет қаражатын жымқыруға қатысты қылмыстық схемасы бойынша іс тергеліп жатыр.

«Тергеу барысында тапсырыс беруші мен ЖШС арасында мерзімі наурыздан желтоқсанға дейін мүгедектерді санаториялық-курорттық емдеу, емдік-сауықтыру демалысын қамтамасыз ету бойынша 50 млн теңгеге жуық сомаға мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарт жасалғаны анықталды», - делінген хабарламада.

Тапсырыс берушінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауын тексеру актісімен, мүгедектердің шипажайға барудың жалған фактілері анықталған. ЖШС-ға 1,5 миллион теңгеге жуық қаражат негізсіз төленген.

«Тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды”, - делінген хабарламада.

Сізге қызықты болады