Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Ленин шахтасындағы жарылыс: апаттың себебі мен күдіктілер белгілі болды

Азамат Ахметов
Фото: ашық дереккөзден

ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин 3 қараша күні «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Ленин шахтасында болған төтенше жағдайды тексерген үкіметтік комиссияның жұмысы аяқталғанын мәлім етті.

«Бүгін Үкіметтік комиссия жұмысын аяқтады, мемлекеттік комиссия жұмысының актілеріне қол қойылды. Комиссия мынандай шешімге келді: 3-қараша күні Ленин атындағы шахтаның Д-6 ерекше қалдықтар қоймасын ашқан кезде бұрын бұрғыланған дренаждық ұңғымалардан шамадан тыс газ бен көмір шаңы шыққандықтан, аяқ асты шахта ішіне газ тарағандықтан, апат болды. Негізгі себебі – өте көп мөлшердегі метан мен шаң», - деді Юрий Ильин Қарағандыда өткен баспасөз мәслихаты кезінде.  

Оның айтуынша, қауіпті учаскеде осындай жағдайларды болжау штатында тиісті тау шеберлері жетіспейді.

«Штатта іс жүзінде 13 адам болған, ал, есеп бойынша 25 адам жұмыс істеуі керек еді. Соның салдарынан, ұңғымаларды бұрғылаған кезде инженерлік-техникалық жұмыстар қызметіне сапалы бақылау жасалмаған. Екіншіден, Аэрогазбақылау қызметінің штатында жер асты электр слесарлары аз. Іс жүзінде 16 адам жұмыс істеген, ал, заң бойынша 25 адам болу керек еді. Осының салдарынан газдан қорғау датчиктерінің жұмысы дұрыс қадағаланбаған», - деді министр.   

Комиссия сондай-ақ, бұл апатта жұмысшылардың кінәсі нол пайыз екенін, ал жұмыс берушінің кінәсі – 100 пайыз екенін анықтап отыр.  

«Комиссия ҚР еңбек кодексін, сондай-ақ, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бірқатар нормативтік-құқықтық актілерді бұзған бір топ жауапты тұлғаларды анықтады. Ленин шахтасындағы апат материалдары заңға сәйкес, бақылаушы және құқық қорғау органдарына жіберіледі. Материалдарды бүгін тапсырамыз», - деп мәлім етті ТЖМ басшысы.  

Естеріңізге сала кетейік, Ленин шахтасында болған апаттан алты кенші көз жұмған болатын.

Сізге қызықты болады