Астаналық ата-аналар балаларын жаппай орыс сыныптарына бере бастаған

Азамат Ахметов

Бұл туралы Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенгазыев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

«27 мыңға жуық бала 1-сыныпқа барады. Солардың 16 мыңы мемлекеттік тілді, 10 мыңы орыс тілін таңдаған», - деді ол. 

Сондай-ақ басқарма басшысы Астана қаласындағы мектептер жаңа оқу жылына сақадай сай екенін тілге тиек етті.

Ол сонымен бірге орын тапшылығына тоқталды. 

«Астанада 26 мың оқушыға орын тапшы. 8 мектеп үш ауысымды және шамадан тыс оқып жатқан білім ошақтары бар. Оқушы саны шамадан артық мектептерде 30-33 баладан, үш ауысымды мектептерде 35 баладан оқып жатыр», - деді ол. 

Еске салайық, бұған дейін танымал педагог Аятжан Ахметжанұлы ел мектептерінде балаларды орыс сыныптарына мәжбүрлеп жаздыртып жатқаны туралы жазған болатын. Мұндай пікірін ол ата-аналардың жазбасынан кейін айтқан.