Ақтауда өз-өзіне қол жұмсамақ болған 20 жастағы қыз жоғалып кетті, деп хабарлайды Qonaev.info Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
3 наурыз күні 32б шағын ауданындағы Amanat тұрғын үй кешенінде 20 жастағы қызды терезеден секірмек болған жерінен құтқарып қалған еді.
Алайда, осыдан кейін қыздың үйден шығып, белгісіз бағытқа кеткені белгілі болды.
«Қазіргі уақытта полицейлер іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр», - деп хабарлады Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға болған сәтте түсірілген бейнежазба Ақтау пабликтерінің бірінде жарияланды.