Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Түркістан облысында пара алды деген күдікпен кеденшілер ұсталды

Азамат Ахметов
видеодан кадр

Түркістан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен жүйелі негізінде пара алу фактісі бойынша облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің «Қазығұрт» кеден бекетінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Qonaev.info.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, олар жүк көліктерін кеден бекеті арқылы кедергісіз өткізу үшін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан 50-ден 200 мың теңгеге дейін пара алды деген күдікке ілінді.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. 

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жарияланбады.

Сонымен бірге Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік Кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Сізге қызықты болады