Ресейде теракт жасау әрекеті кезінде Қазақстанның екі азаматы мерт болды. Бұл ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитеті растады, деп хабарлайды qonaev.info.
«Көрсетілген факті бойынша ҰҚК сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде. Тексеріс ынтымақтастық арнасы аясында Ресей ФҚҚ-мен тығыз байланыста жүзеге асырылуда.Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды», - делінген делінген ҰҚК баспасөз қызметі тартқан хабарламада.