Алматыда екі автобус соғысып, салдарынан алты адам зардап шекті, деп хабарлайды Qonaev.info қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Жол апаты 10 наурыз күні сағат 09:00 шамасында Алатау ауданында болды.
«Бекболат және Новостройка көшелерінің қиылысында №75 және №102 бағыттағы автобустар соқтығысты. Алдын ала болжам бойынша, №75-автобус жүргізушісі қауіпсіз арақашықтықты сақтамай, аялдамада тұрған қоғамдық көлікті соққан. Сол сәтте автобустан жолаушылар түсіп жатқан», - деп хабарлады полициядан.
Жол апаты салдарынан алты адам зардап шекті.
Аталған факт бойынша Алатау аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр.