Алматыда екі автобус соқтығысты: бір адамның жағдайы ауыр

Азамат Ахметов
видеодан скриншот

Алматыда екі автобустың соқтығысуынан зардап шеккен алты адамның біреуінің жағдайы ауыр, деп хабарлайды Qonaev.info.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жол-көлік апаты салдарынан 6 адам түрлі дене жарақаттын алған. Ауруханаға 5 адам жеткізіліпті.

«Алматы қаласының №7 ҚКА –на 5 адам жеткізілді. Жол-көлік апатынан зардап шеккендер жан-жақты аспаптық зертеулерден, дәрігерлердің қарап-тексерулерінен өтті. Төрт адам амбулаториялық жағдайда емделуге жіберілді, бір адам стационарға емдеуге жатқызылды. Пациенттің жағдайы ауыр, тұрақты», - деп хабарлады Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Апат 10 наурыз күні Өжет ықшам ауданы, Бекболат көшесі, 1/3  үйінің маңында болған. Алдын ала ақпарат бойынша, 75-ші маршруттың жүргізушісі қашықтықты сақтамай, аялдамада жолушыларды түсіріп жатқан автобусқа соғылған.