Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Алматыда заңсыз салынған тағы бір нысан бұзылды

Азамат Ахметов
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы қаласы Қыдырбеков көшесі, 41 мекенжайдағы екі қабатты тұрғын емес ғимаратты бұзу аяқталуға жақын, деп хабарлайды Qonaev.info

Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы меншік иесінің (жеке тұлға) рұқсат беру құжаттары пакеті болмаса да нысан салғанын хабарлады.

«2023 жылғы 27 наурызда басқарма меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылдады және жол берілген бұзушылықтарды жоюға нұсқама берді. Меншік иесі нұсқаманы орындамағандықтан, өткен жылдың 25 маусымында Алматының Наурызбай аудандық сотына осы ғимаратты бұзуға талап арыз берілді. 2023 жылдың 30 қазанында бұзу туралы талап қанағаттандырылды», - делінген қалалық әкімдік таратқан хабарламада.

Сот шешімін орындау үшін бұрын меншік иесі объектіні өз бетінше бөлшектеуді бастаған, бүгінде сот орындаушыларының қатысуымен күрделі құрылымдарды сүру жүргізіліп жатыр.

Сізге қызықты болады