Түркістан облысында суару каналына батып кеткен 5 жасар қыздың денесі табылды

Азамат Ахметов
Фото: Түркістан облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы

Түркістан облысында 5 жасар қыз суару каналына батып кетті. Бұл туралы Түркістан облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы мәлім етті. 

ТЖД мәліметінше, оқиға Сарыағаш ауданына қарасты Біртілек ауылында болған. 

5 жасар бүлдіршін 16 наурыз күні түскі уақытта үйден шығып кетіп, қайтып оралмаған. 

Куәгерлер суару каналынан аяқ киімін көргенін айтты. Іздеу жұмыстарына төтенше жағдай департаменті мен жергілікті атқарушы органдардан және полиция қызметінен 93 адам және 4 техника жұмылдырылды.

«Іздеу тобы жоғалған қыздың денесін үйден 2 шақырым жердегі каналдан тауып, судан шығарып алды», - делінген ақпаратта.