Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

«Қаңтар оқиғасы» кезінде азаптағаны үшін бұрынғы полиция қызметкерлері сотталды

Азамат Ахметов
Фото: Informburo.kz

Талдықорған қаласының сотымен 18 наурыз күні «қаңтар оқиғасы» барысында азаптау фактілерін қолданған бұрынғы полиция қызметкерлеріне қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды Qonaev.info.

Қылмыстық істі Жетісу облысының арнайы прокурорлары тергеп-тексерді.

Мемлекеттік айыптаушылар 2022 жылғы 5-16 қаңтар аралығында Алматы облысы Полиция департаментінің ғимаратында кінәлі тұлғаларға қатысты физикалық зорлық-зомбылықпен қатар, тергеудің тыйым салынған әдістерін жасағаны дәлелденді.

Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде жеті жәбірленушіге әртүрлі дәрежедегі дене жарақаттары келтірілген.

« Сот үкімімен үш сотталушы 4 жылдан 6 жылға дейінгі бас бостандығынан айырудың әртүрлі мерзімдеріне сотталып, олардың біреуі бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаға тартылды. Сонымен қатар, сот оларды арнайы атақтарынан және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырды», - делінген Жетісу облысының прокуратурасы таратқан мәліметте.

 Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сізге қызықты болады