Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды Qonaev.info TobolInfo ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Кейінірек облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі Ұзынкөл ауданындағы үйдің ауласында ер адамның мәйіті табылғанын растады.
«Ұзынкөл ауданындағы үйдің ауласында ер адамның мәйітін табу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - делінген хабарламада.
Полиция департаментінің хабарлауынша, барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалған.
Жүргізілетін тергеу шеңберінде ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілмейді.