Абай облысы Ақсуат ауданында төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Qonaev.info облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақсуат аудандық жедел штабтың кезекті отырысы өтті. Жиында тасқын су салдарынан келген залалды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу мақсатында аудан әкімінің шешімімен «Азаматтық қорғау туралы» ҚР Заңының 48-бабына және 50-бабына сәйкес жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялады.
«Отырыста қарғын су салдарынан жол қатынасы үзілген ауылдарды қажетті деңгейде азық-түлікпен, басқа да күнделікті тіршілікке қажеттіліктермен қамту мәселесі пысықталып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді», - делінген ақпаратта.