Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Алматының шұрық тесік жолдарын енді арнайы чат-ботқа жіберіп жөндетуге болады - әкімдік

Азамат Ахметов
Фото: kolesa.kz

Алматы жолдарындағы ақаулар Almaty_Joly Telegram-арнасының чат-ботына хабарлауға болады, деп хабарлаайды Qonaev.info.

Жергілікті әкімдіктің мәліметінше, мегаполис тұрғындары қала жолдарындағы шұңқырлар және оларды жөндеу бойынша өтініш бере алады. Ол үшін @AlmatyJolybot чат-ботына (https://t.me/AlmatyJolybot) жол инфрақұрылымына арналған арнайы Telegram-арнаға мыналарды жіберу қажет:

- өтініш мәтіні,

- фото/жол бейнесінің ақауы,

-  мекенжайы және нақты координаттары,

-  байланыс деректері.

Келіп түскен өтініштер өңделгеннен кейін әрбір жағдай бойынша жол төсеміндегі кемшіліктерді жою үшін шаралар қабылданатын болады.

Сонымен қатар, Almaty_Joly Telegram-арнасында (https://t.me/AlmatyJoly) жол-жөндеу жұмыстары, қалалық көлік жұмысындағы өзгерістер туралы ақпарат жарияланатынын хабарлаймыз.

Сізге қызықты болады