Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткіге мас күйінде ұсталды

Азамат Ахметов
Фото: ашық дереккөзден

Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткіге мас күйінде ұсталды, деп хабарлайды Qonaev.info.

Бұған дейін БАҚ-та Air Astana әуекомпаниясының ұшқышы Алматы халықаралық әуежайында ішкі рейстерді жөнелту аймағында ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды. Air Astana әуекомпаниясының баспасөз қызметі ақпаратты растады. Полицейлер соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, ал қызметкердің өзі жұмыстан шеттетілген.

«Әуекомпания қызметкерлердің алкоголь немесе есірткі пайдалануына төзбеушілік көрсетеді, өйткені ұшу қауіпсіздігі біздің басымдығымыз болып табылады. Әуекомпанияда экипаждардың қанында алкоголь немесе есірткі заттарының болуына тұрақты негізде тестілеу жүргізіледі», - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

 

Сізге қызықты болады