Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

«Басымнан балғамен ұрды»: танымал актер фильм түсірілімінде миы шайқалғанын айтты

Азамат Ахметов

Отандық актер Ерболат Әлқожа қазақстандық «Бақыт» фильмінің түсірілімі кезінде миы шайқалып, басы мен арқасында гематома пайда болғанын айтты.

«Әйел энергиясы» бағдарламасында сұхбат берген актер осы жағдайдан соң ауруханаға жатып шыққанын айтты.  

«Фильмде балғамен ұратын кадр үшін бізге арнайы пластмасса балға жасап берді. Ұрған кезде қолыма тиіп, ол балға сынып қалды. Ол түсірілім өзі ұзаққа созылған еді. Содан біздің Андрей деген гримеріміз ағаш сапқа силиконнан балғаның басын салып берді. Ұрып көрсек, жұмсақ. Ауырмайды. Сол балғамен ұратын кадрды түсіргенде ұрғаны қатты тиді. Мен түсірілімді тоқтата алмаймын. Тоқтатсам қайта түсіру керек. Шыдап жатырмын. Басыма екі-үш жерден тиді. Арқама тиді. Бір кезде «Түсірілді» деді. Мен орнымнан тұрайын десем, тұра алмаймын», - дейді актер.

Осы соққылардан кейін Ерболат Әлқожаның басы айналып, жүрегі айныған. 

«Ал түсірілімді жалғастыру керек. Дәрігерлер келді. Менің миым шайқалған. Содан ауырсынуды сезбейтін дәрі ішіп, түсірілімді жалғастырдық. Басымда, арқамда гематома пайда болды. Миым шайқалып, аурухана мен шипажайға жатып келдім», - деді ол.

Сізге қызықты болады