Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Баланы қай жаста сүндеттеген дұрыс және оның қаупі бар ма?

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Уролог-онколог Нұржан Нұрғалиев «Dope soz» подкастында баланы қай жаста сүндеттеу керегін айтты.

«Ең дұрысы пубертат уақытына дейін сүндеттеген дұрыс. 13 жас үлкен жас болып кетеді. Ол кезде жыныстық даму белсенді. Біз тақ сандағы жаста сүндетке отырғызу туралы айтамыз. Көбіне 5 немесе 7 жаста сүндеттеу керек деп үйреніп қалғанбыз. Ал жалпы туғаннан бастап 7 жасқа дейін сүндеттеген дұрыс», - дейді Нұржан Нұрғалиев.  

Оның айтуынша, сүндеттеу – денсаулық гигиенасы. Одан қорқыудың еш қажеті жоқ.

«Оны дінмен байланыстырмай-ақ денсаулыққа тиімді екенін түсіну керек. Мысалы, АҚШ-та 1996 жылға дейін көп баланы сүндеттеді. Бүгінде статистика бойынша, ер адамдардың 70 пайызы сүндеттелген. Ислам елдерінде 99 пайыз ер адам және кейбір Еуропа елдеріндегі ер адамдардың 20 пайызы сүндеттелген. Африка елдерінде 2000 жылдары зерттеу жүргізілген. Яғни сүндеттелген және сүндеттелмеген ер адамдарда инфекция жұқтыруда айырмашылық болған», - дейді маман.

Сізге қызықты болады