Бірнеше елдімекенде мал қырылып қалған
Ауғанстанда соңғы 48 сағатта жауған қалың қар мен аяз салдарынан 9 адам қайтыс болып, тағы екі адам жарақат алды.
Бұл туралы бейсенбі күні Ауғанстанның табиғи апаттармен күрес жөніндегі ұлттық басқармасы хабарлаған.
«Соңғы екі күнде нөсер соңы қарлы боранға ұласты. Аязды ауа райы Ауғанстанның жеті провинциясын шарпыды. Кейбір аймақтарда көп мал қырылып қалды. Солтүстік Фарьяб провинциясында күн суытып, қар жауып, мыңға жуық мал қырылған», - деп хабарлады басқарма.