Мәскеудегі «Крокус Сити холлда» болған шабуылда қаза тапқандар саны 133 адамға дейін жетті, деп хабарлайды Qonaev.info ТАСС ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл туралы Ресейдің Тергеу комитеті мәлімдеді.
«Крокус Сити холл» концерт залындағы үйінділерді талдау барысында лаңкестік шабуылдан қаза тапқандар саны 133 адамға дейін өсті. Іздеу жұмыстары жалғасуда», - делінген хабарламада.
Бұған дейін Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметі 11 адамды, оның ішінде «Крокус Сити холлда» шабуылға тікелей қатысқан 4 террористті ұстағанын мәлімдеген еді.