РФ Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәскеу облысы бойынша штаб-пәтерінің cоңғы мәліметтеріне сәйкес «Крокус сити холлдағы» теракт салдарынан зардап шеккендер саны 152-ге жетті, деп хабарлайды Qonaev.info ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары үйінділерді тазалау жұмыстарын жалғастырып жатыр. Түнде жұмысқа ауыр техникалар да қосылған.
Еске салсақ, 22-ші наурыз күні Мәскеудің солтүстік-батысындағы «Крокус Сити холл» ғимаратына лаңкестер шабуыл жасады.
Ресейде 24 наурыз Жалпыұлттық аза тұту күні ретінде жарияланды.