Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

«AMANAT» партиясы Жетісуда бұқаралық спортты дамытуға ден қояды

Азамат Ахметов

Бүгін «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалы атынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Еркебұлан Ақболатов пен Қуат Баймырзаев Талдықорған қаласындағы Орталық бассейн ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Qonaev.info.

Қос үміткер өңірдегі спорт саласындағы кемшін дүниелер мен партияның атсалысуымен жүзеге асатын оңтайлы жұмысты баяндап берді.

«Бұқалық спортты дамыту – еліміздің басым саясатының бірі. Оған негіз – «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы. Аталмыш жоба негізінде 2025 жылға қарай елімізде спортпен шұғылданатын азаматтардың үлес салмағын 50 пайызға жеткізу көзделген. Қазір Жетісу облысында спортпен шұғылданатын тұрғындардың үлесі жалпы халықтың 32 пайызын қамтып отыр. Межеден қалмас үшін аталмыш салада қарымды тірлік жасалуы керек. «AMANAT» партиясы бұқаралық спортты дамыту үшін өрісті жоспарлар жасақтап отыр. Өйткені партияның көксегені – ұлттың саулығы, халықтың амандығы. Ал халықтың денсаулығы мығым болуы үшін бұқаралық спортты дамыту аса маңызды», - деді Қуат Баймырзаев.

Бұқаралық спортты дамыту үшін спорт нысандарын көптеп салу аса маңызды. Партия алдағы уақытта өңірдегі спорт нысандарын қайта жаңғыртуға, жаңадан салуға бар күшін салмақ. Еркебұлан Ақболатовтың айтуынша, жастардың спортқа қызығушылығын оятып қана қою аздық етеді. Кандидат облыс көлемінде заманауи жабдықтармен жабдықталған нысандардың бірнешеуі бой көтеретінін жеткізді.

«Партияның Жетісу өңіріне негізделген сайлауалды бағдарламасына сай алдағы бес жылда 19 спорттық нысан бой көтереді. Оның ішінде ауылдық жерлерде дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салуға мұрындық боламыз. Нәтижесінде 2027 жылға қарай өңір халқын спорттық инфрақұрылыммен қамту көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 51,3 пайыздан 56 пайызға көтеріледі. Ал спортпен шұғылданатындардың үлесі 50 пайыздан асатын болады», - деді Еркебұлан Ақболатов.

Спорт нысанының қызметкерлері қос кандидаттың сүбелі ойлары мен партияның оңтайлы бастамаларына разылығын білдірді. Алдағы науқанда нақты істер партиясына қолдау білдіруге ниетті.

Жетісу облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

Сізге қызықты болады