Шығыс Қазақстанда ата-анасының қарауынсыз қалған бала суға батып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Бүгін Ұлан ауданы Садыр көлінде, саяжай үйінің ауласында 2022 жылы туған бала суға құлап, батып кетті. Ол ата-анасының қарауынсыз қалған", - делінген хабарламада.
ТЖМ ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмауларын сұрайды.