«Күйзеліске ұшыраған»: Алматыда ер адам көпірден секірмек болды

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Алматыда патрульдік полиция қызметкері көпірден секірмек болған ер адамды райынан қайтарды, деп хабарлайды Qonaev.info.

Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, жергілікті полиция қызметінің мамандандырылған батальонының қызметкері Мерей Сәрсебек, кешкі сағат 19:00 шамасында қызметтік міндетін атқару барысында Райымбек даңғылы мен Сүйінбай көшесі қиылысындағы автомобиль көпірінің қоршауынан асып тұрған ер адамды байқаған.

«Мен жақын жерде қызмет етіп жүрдім. Ер адамды көрдім, оған жәймендеп жақындап, әңгімелесе бастадым. Ер адам 31 жаста, ол Жамбыл облысынан келген. Біз бірнеше минут сөйлестік, осы уақыт ішінде оны бұл әрекетінен бас тартуға көндірдім. Нәтижесінде ер адам аман қалды, отбасылық қиыншылықтардан күйзеліске ұшыраған», – деді Мерей Сәрсебек.

Өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің мән-жайы мен себептері іс жүргізу барысында анықталады.