Төтенше жағдайлар министрлігі Түркияға барған қазақстандық құтқарушылардың аты-жөнін жариялады, деп хабарлайды Qonaev.info.
Киселев Николай Анатольевич – құтқарушы
2004 жылдан бастап ТЖМ қатарында жұмыс істейді. Еңбек жолын Қарағанды қаласының су-құтқару қызметінің сүңгуірі болып бастады. Іздестіру-құтқару жұмыстарына бірнеше рет қатысты. Қазіргі уақытта ҚР ТЖМ Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жедел-құтқару жасағының Топар кентінің құтқару бөлімшесінің құтқарушысы болып саналады.
Өз қызметінде түрлі ТЖ жоюға қатысып, адамдардың өмірін құтқару үшін күрделі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізді. Мысалы, 2022 жылы Теміртау қаласында және Қарағанды қаласында газ жарылғаннан кейін үйінділерді талдауға қатысты. Түркия Республикасының Нұрдағы қаласында іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысты.
Соболевский Николай Анатольевич – бас құтқарушы
Николай Анатольевич еңбек жолын ҚР ТЖМ су-құтқару қызметінің сүңгуірі болып бастады. 2020 жылдан бастап ҚР ТЖМ Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жедел-құтқару жасағының Қарағанды қаласының сүңгуір-құтқару бөлімшесінің бас құтқарушысы болып табылады.
Жұмыс істеген жылдары әртүрлі ТЖ зардаптарын жою бойынша авариялық-құтқару, іздестіру-құтқару жұмыстарына бірнеше рет қатысты. 2017 жылы Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстарында су тасқыны жағдайын жоюға белсенді қатысты. Балқаш көлінің су айдынындағы іздестіру-құтқару жұмыстарында, Алматы облысы, Қызылағаш кентінде күрделі метеорологиялық жағдайларда жұмыстар жүргізілген су қоймасының бұзылу салдарын жоюда. Түркия Республикасының Нұрдағы қаласында болған жойқын жер сілкінісінен кейін іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысты.
Камзин Думан Талғатұлы – құтқарушы
Думан өзінің еңбек жолын 2016 жылы ҚР ТЖМ Қарағанды қаласы бойынша Апаттар медицинасы орталығында бастады. Ал 2021 жылдан бастап ҚР ТЖМ Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жедел-құтқару жасағының құтқару бөлімшесінің құтқарушылары жұмыс істейді.
Түрлі төтенше жағдайларды жоюға қатысып, адамдардың өмірін құтқару үшін күрделі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ Түркия Республикасының Нұрдағы қаласында іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысты.
Мұқашев Нұрлан Қайратұлы – құтқарушы
2015 жылдан бастап ҚР ТЖМ Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жедел-құтқару жасағының құтқару бөлімшесінің құтқарушылары жұмыс істейді.
Жұмыс кезеңінде әртүрлі ТЖ зардаптарын жою бойынша авариялық-құтқару жұмыстарына бірнеше рет қатысты. Өз әріптестерімен Түркия Республикасының Нұрдағы қаласында іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізді.
Тарынин Сергей Николаевич – құтқарушы
ҚР ТЖМ Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жедел-құтқару жасағының құтқару бөлімшесінде 2016 жылдан бастап жұмыс істейді.
Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстарында эвакуациялық жұмыстарды жүргізуге және су тасқыны жағдайын жоюға белсенді қатысты. Әріптестерімен бірге Нұрдағыдағы қираған нысандарда іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізді.
Шорманов Айдар Медетұлы – құтқарушы
2019 жылдан бастап ҚР ТЖМ Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі жедел-құтқару жасағының Теміртау қаласының құтқарушысы болып табылады.
Жұмыс кезеңінде әртүрлі төтенше жағдайлардың зардаптарын жою бойынша авариялық-құтқару жұмыстарына бірнеше рет қатысты. Нұрдағы қаласында іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысты.