Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Ақтау әкімдігі Каспий теңізінің жағалауындағы 21 жер телімін негізсіз берген – Антикор

Азамат Ахметов
Фото: 7kun.kz

Ақтау әкімдігі Каспий теңізі жағалауындағы 21 жер телімін негізсіз берген. Бұл туралы Қоғамдық коммуникациялар қызметінде өткен брифингке Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының м.у.а. Шамурайт Шаменов мәлімдеді, деп хабарлайды Qonaev.info.

Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің теңіз жағалауындағы жерлердің берілуіне жүргізген мониторингі нәтижесінде, Каспий жағасындағы туризмді дамытуға арналған 21 жер телімі негізсіз берілгені анықталды.

«2021 жылы қалалық әкімдік тұрғынға «демалыс базасы құрылысын салуға арналған» игерілмеген 10 соток жер телімін кеңейту үшін іргелес жерден, қосымша тағы да көлемі 4,7 соток жер телімін 3 жылға жалға берген. Жер телімі осы күнге дейін игерілмеген және мемлекетке қайтару үшін сотқа талап арыз берілді», - деді Шамурайт Шаменов.

Сондай-ақ тағы бір тұлға теңіз жағалауында қонақүй құрылысын салуға арналған 1,5 гектар жерін кеңейту үшін әкімдіктен тағы да 1,4 гектар жер елімін жалға алған. Жерді жалға алған тұлға оны игерместен басқа адамға сатып жіберген. Қазіргі кезде жер игерілмегені үшін мемлекетке қайтару туралы сотқа талап арыз берілген.

Сондай-ақ спикер жер қатынастары саласына жүргізілген мониторинг нәтижесінде кәсіпкерге негізсіз берілген 7 гектар жер телімі мемлекетке қайтарылғанын атап өтті. Алдағы уақытта ол жер телімі аукцион арқылы сатылымға шығатын болады.

Сізге қызықты болады