Каспий құбыр консорциумының Қара теңіз терминалынан мұнай жөнелту жұмысы қайта жанданды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Qonaev.info.
«22 ақпаннан бастап ауа райының қалыпқа келуі Каспий құбыр консорциумына компанияның Теңіз терминалында мұнайды ауыстырып тиеуді қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Мұнай өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтай отырып, жағалау сызығынан 5 км қашықтықтағы теңіз арқалық қондырғылары арқылы тасымалданады», - делінген хабарламада.
Еске салайық, 19 ақпанда қолайсыз ауа райына байланысты компанияның теңіз терминалымен мұнай жөнелтуі тоқтап қалған болатын.
Жалпы айта кетсек, Қазақстан мұнайының шамамен 80 пайызы Каспий құбыр консорциумы арқылы экспортқа жөнелтіледі.