Бүгін ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше өңірде жол жабылды, деп хабарлайды Qonaev.info.
«ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 23 ақпанда сағат 9:15-тегі ақпаратқа сәйкес, 5 өңірде ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы жолдар жабық тұр.
Жол қозғалысы шектелген учаскелердің жалпы ұзындығы — 1025 шақырым немесе республикалық желінің 4,1%-ын құрайды:
- Ақтөбе облысында «Самара-Шымкент» тасжолының Ақтөбе қаласынан Қарабұтақ кентіне дейінгі аралығында және БҚО шекарасынан Маржанбұлақ кентіне дейін барлық автокөлік түрі үшін қозғалыс шектелді.
- Алматы облысында Екатеринбург – Алматы тасжолының Жамбыл облысының шекарасынан Междуреченск кентіне дейін барлық көлік түрі үшін қозғалыс шектелді;
- Жамбыл облысында Екатеринбург– Алматы тасжолы, Бурылбайтал-Ақсуйек ауылдары арасында көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысы шектелді;
- Батыс Қазақстан облысында Самара – Шымкент тасжолының Жымпиты-Ақтөбе облысының шекарасы аралығы жүк және қоғамдық көліктер үшін жабық;
- Қарағанды облысында Екатеринбург – Алматы тасжолының Ақсу-Аюлы — Балқаш аралығы барлық автокөлік түрі үшін жабық.
Өткен түнде 1 100 м3 көктайғаққа қарсы материал пайдаланылды.