Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

ҚР ҰҚК Шекара қызметі: Пәкістанның 9 азаматы елге заңсыз өтпек болды

Азамат Ахметов

ҚР ҰҚК Шекара қызметі қазақстан-қырғызстан мемлекеттік шекарасы арқылы Пәкістанның 9 азаматы елге заңсыз өтпек болғанын мәлім етті, деп хабарлайды Qonaev.info.

«2023 жылғы 15 ақпанда ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері ҰҚКД және Меркі ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, қазақстан-қырғызстан мемлекеттік шекарасы арқылы Қазақстан Республикасына заңсыз өтпекші болған Пәкістан Ислам Республикасының 9 азаматын ұстады», - делінген хабарламада.

Ұсталғандарға қатысты құзырлы орган сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Сізге қызықты болады