Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

СҚО-да ҚАЖД бастығына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті СҚО бойынша ҚАЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы Б.С.Биляловқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады, деп хабарлайды Qonaev.info.

Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, тергеу жұмысы биылғы қаңтарда келіп түскен «2021 жылы алаяқтық жолмен ақшалай қаражатты иемдену туралы» өтініш бойынша жүргізілмек.

«СҚО бойынша ҚАЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы Б.С.Биляловқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. ҚР Бас прокуратурасының ұйғарымымен бұл қылмыстық іс бойынша тергеуді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жүргізеді. Тергеу бойынша жиналған материалдар осы органға жіберілді», - делінген хабарламада.

ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы туралы өзге де ақпарат жария етілмейді.

Теги:
Сізге қызықты болады