14-21 ақпан аралығында елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,3%-ға, жылдық мәнде 23,7%-ға қымбаттады, деп хабарлайды Qonaev.info.
Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, қырыққабат (3,4 пайыз) пен пияздың (2,3 пайыз) бағасы айтарлықтай өскен. Айта кетерлігі, екі айға жуық уақыт ішінде пияз бағасы бірден 50,1 пайызға қымбаттады.
Сонымен қатар, бір аптада күріш бағасы да 1,5 пайызға қымбаттады.
ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы:
Айта кетерлігі, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді.
«Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады», – делінген хабарламада.