Алматы полициясы Satbayev University студенттік жатақханасының жанындағы жаппай төбелеске қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Qonaev.info.
«23 ақпан күні сағат 23:00 шамасында Алматының Бостандық ауданында жастар арасында төбелес болды. Сигналға бірден патрульдік полицияның бірнеше экипажы жауап берді, нәтижесінде төбелеске қатысы бар болуы мүмкін 11 адам ұсталды», - деп мәлімдеді Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұзақылық дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Төбелестің басқа да мән-жайлары анықталып жатыр.