Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Қостанайда «AMANAT» партиясының кандидаттары ерекше қажеттілігі бар жандар мәселесін талқылады

Азамат Ахметов

Бүгін «AMANAT» партиясының фронт-кеңсесінде «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында кандидаттар мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесу өткізді, деп хабарлайды Qonaev.info.

Өз кезегінде кандидаттар азаматтардың мәселелерін тыңдап, партияның сайлауалды бағдарламасы аясында атқарылатын істерге тоқталды. Кандидаттың айтуынша, партияның көмегімен ерекше қажеттіліктері бар кемінде 1 мың адам жұмысқа орналастырылатын болады.

«Әділ әлеуметтік саясатты жүзеге асыру – партия қызметінің басым бағыты. Барлық азаматтар әлеуметтік қызметтерге тең қол жеткізуі керек. Бұл мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтардың ортақ жауапкершілігі арқылы қамтамасыз етілуі тиіс. Осы мақсатта «AMANAT» партиясы 100 білім беру нысанын бейімдеуге, психологиялық-педагогикалық түзету үшін 3 кабинет ашылады. Партия ерекше қажеттіліктері бар кемінде 100 баланы арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтуға үлес қоспақ», - деді кандидат Асылан Дабылов. 

Депутаттыққа үміткер Аруна Жақсығұлова азаматтарға кеңес беріп, «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы шеңберінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. 

«Жоба шеңберінде Қостанай облысында көптеген күрделі мәселелер шешімін тауып келеді. Мәселен әлеуметтік маңызы бар нысандардың мүгедек жандар үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету ұдайы партия бақылауында» - деді А. Жақсығұлова. 

Сайлауалды бағдарлама бойынша қоғамдық бірлестіктермен және жұмыс берушілермен бірлесіп «мүгедек адамдарды жұмыспен қамту деңгейін арттыру резервтері» жобасы іске асырылатын болады.

Нәтижесінде балаларды инклюзивті біліммен қамту 55%-ға дейін, арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау және ерте түзету 50-ден 58%-ға дейін ұлғаяды, дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын ерекше қажеттіліктері бар тұрғындардың үлесі артады.

Қатысушылар тақырыпқа сай өзекті мәселелерді көтерді. Оның ішінде мүгедек балалардың білім алуы, арнаулы орталықтардың жетіспеушілігі сөз болды.  

Шараға қатысқан азаматтардың сұрақтарының барлығына жауап беріліп, мәселесі шешілгенге дейін партияның бақылауында болатындығы айтылды.

Қостанай облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

Сізге қызықты болады