Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Шымкентте 2023-2027 жылдары 25 білім беру ұйымы күрделі жөндеуден өтеді

Азамат Ахметов

Сайлау қарсаңындағы ақпараттық-насихат жұмыстарының бір бөлігі Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы аумағында жалғасты, деп хабарлайды Qonaev.info.

№18 мектепте «AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Жанар Әлібекова, Мақсат Абдукаримов және Арай Есенбек жергілікті тұрғындармен жүздесті.

Білім саласының мамандарына партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылды.

«2021-2022 жылдары білім саласында 35 мыңнан астам оқушыға арналған 68 мектеп ашылды. Ал алдағы уақытта білім беру сапасын арттыру үшін «Жайлы мектеп» жобасы аясында 25 мектеп құрылысының сапасына партиялық бақылау орнатамыз, 2023-2027 жылдар аралығында 25 білім беру ұйымын күрделі жөндеуден өткізуге қол жеткіземіз, балаларды қосымша біліммен қамтуға ықпал жасаймыз», – деді Шымкент қаласы мәслихатының депутаттығына үміткер Жанар Әлібекқызы.

Тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстары мен тілектерін жеткізді. Алда бірігіп атқарар жұмыс жетерлік екенін айтқан партияластар көпшілікті 19 наурыздағы сайлауда дауыс беруге шақырды.

Шымкент қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

Сізге қызықты болады