Бір жылда пәтерлерді қайта сату бағасы 13%, жаңа тұрғын үйді сату құны 14%-ға өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2023 жылғы ақпанда 33,8% артты. Бұл туралы Qonaev.info Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап хабарлайды.
Өңірлер бөлінісінде жаңа үйлер нарығында баға жылдық мәнде Ақтөбе (25,4%) және Ақтау қалаларында (25,2%) едәуір қымбаттады.
«Пәтерлерді қайта сату нарығындағы баға өсімінің көш басында Семей (41%), Қызылорда (39,9%), Ақтөбе (36,9%), Ақтау (35,4%) және Қостанай (30,9%) қалалары тұр.
Ал тұрғын үйді жалға алу бойынша жоғары өсім Көкшетау (53,7%), Қостанай (51,9%), Алматы (49,6%) және Петропавл (49,3%) қалаларында тіркелді.
Бір айдың ішінде жаңа тұрғын үйді сату бағалары – 0,3%, пәтерлерді қайта сату 0,4%-ға өсті», - делінген бюро хабарламасында.
Ұлттық статистика бюросының хабарламасына сүйенсек, абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу алдыңғы аймен салыстырғанда қаңтарда 0,2%-ға өсті.