Шымкентте «BIR TOLQYNDA» диалог алаңы ұйымдастырылды

Азамат Ахметов

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Бакытжан Позылов және Шымкент қаласы мәслихат депутаттығына кандидат Біржан Байтуов Рухтастармен кездесті,  деп хабарлайды Qonaev.info.

«BIR TOLQYNDA» диалог алаңында өткен кездесу «AMANAT» партиясы Жастар қанатының ұйымдастыруымен өтті.

Кездесуде жастар қаламыздың жұмыспен қамту, баспана, білім саласына қатысты сауалдар қойып, ұсыныстарын берді.
Биыл партия «Жастарға жұмыс» партиялық жобасы аясында 300 мың жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған жас азаматты жұмысқа орналастыруды және әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ететін орталықтар құрады. Жалпы 2027 жылға дейін 1,5 млн-нан астам жас жұмыспен қамтылады.

Сонымен қатар, партия жұмыс істейтін жастарды жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету тәжірибесін жалғастыруға ниетті. Ал білім қолжетімді болуы үшін колледждер мен жоғары оқу орындарында грант саны артып, студенттердің шәкіртақысы өседі.

Шымкент қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді