Қостанайдағы «ЦУМ» сауда үйінде қала тұрғындарымен кандидаттардың кездесуі өтті, деп хабарлайды Qonaev.info.
Үгіт-насихат жұмысы барысында кандидаттар тұрғындардың ұсыныстары мен талап-тілектерін жазып алды. Кандидаттар сауда үйінің сатушыларына партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп берді.
«AMANAT – еліміздің түкпір-түкпірінде жүйелі жұмыс істейтін жалғыз партия. Әр ауданда және қалада партияның бөлімшесі мен қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс істейді. Бізге жүгінген әрбір азаматтың мәселесін тыңдауға, әрқашан қолдау көрсетуге дайынбыз», - деп атап өтті кандидат Аслан Дабылов.
Кездесу соңында облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Несібелі Бәсенова Қазақстан халқын үздік білім мен ем алу үшін шетелге бармайтындай деңгейге жеткізуіміз қажет екенін атап өтті.
Айта кету керек, «AMANAT» партиясы биыл ақпан айының 18-інде сағат 18:00-де үгіт-насихат жұмысына кірісті. Бүгінгі таңда кандидаттар осы іс-шараларға белсенді ат салысуда.
Кандидаттар қала, аудан, ауыл тұрғындарын партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстыру жұмысын жалғастыруда.
Қостанай облыстық мәслихатының депутаттарын сайлауда партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді