Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

«Қазгидромет» мәліметінше, циклондар мен антициклондардың ауысуына байланысты Қазақстанда 17 наурызға дейін тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Qonaev.info.

Синоптиктер мәліметінше, кей күні ғана жауын-шашын аздап толастауы мүмкін.

Болжам бойынша, 15 наурызда күндіз Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында қатты жауын-шашын болады.

«Қазақстан Республикасының басым бөлігінде циклондар мен антициклондардың ауысуына байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты болады, жауын-шашын (жаңбыр, қар), республиканың оңтүстік жартысында жаңбыр жауып, кей күндері ғана күн ашық болуы мүмкін», - деп хабарлады «Қазгидромет».

Алматы, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу және Батыс Қазақстан облыстарында еріген қар суы жайылуы мүмкін.

Сондай-ақ NASA спутниктік суреттерінен алынған мәліметтерге сүйенсек, 1 наурыздан 9 наурызға дейін Қазақстан аумағының қар басқан аумағы 72%-дан 53%-ға азайғаны хабарланды.

Сізге қызықты болады