Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Меморгандар екі ай ішінде 101 млрд теңге бюджет қаражатын игермеген – Ерұлан Жамаубаев

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Жыл басынан бері екі айда мемлекеттік бюджетке 3,4 трлн. теңге шамасында, ал республикалық бюджетке 2,5 трлн теңге кіріс түскен. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары, Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлім етті, деп хабарлайды Qonaev.info.   

«Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 95,8%-ке, республикалық бюджеттің шығыстары – 96,5%-ке, жергілікті бюджеттердің шығыстары 96,6%-ке атқарылды. Республикалық бюджет бойынша 3,4 трлн теңге сомасына шығыс тіркелді. 123 млрд теңге атқарылмаса, оның ішінде 22 млрд теңге үнемделгені, ал, 101 млрд теңгесі игерілмегені», - деді Жамаубаев. 

Қаржы министрі сондай-ақ, бюджет қаражатын игермеген меморгандарды да атады. 

«Ең көп қаражат игермеген органдар - Ішкi iстер, Қаржы, Ғылым және жоғары білім, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктері», - деді ол. 

Сізге қызықты болады