Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Бородулиха ауданының тұрғындарына «AMANAT» партиясының реформалары түсіндірілді

Азамат Ахметов

Бір мандатты сайлау округі бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Нұртай Сабильянов пен Абай облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Қуаныш Сүлейменов Бородулиха ауданының сайлаушыларымен кездесті, деп хабарлайды Qonaev.info.

Депутаттыққа кандидаттар 19 наурызда дауыс беру қалай өтетіні және қанша бюллетень болатыны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жиналғандарды «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырып, партияны қолдауға шақырды.

«Соңғы 25 жылда бұдан бұ­рынғы тарихымыздың жүз­деген жылда­рында армандап, қолымыз жетпеген, жеткізе алмаған, бұрын-соңды болмаған құндылықтар мен игіліктерге қол жеткізе алдық. Осының барлығы Үкіметтің, онымен тікелей жұмыс істейтін партияның арқасында жасалғанын атап өткім келеді.

Бүгінде біз әр адам туралы әлеуметтік желілерден, интернеттен ақпарат ала аламыз, өмірбаянын оқып, оның саясатқа көзқарасын түсіну қиынға соқпайды. Бұл ретте бүгінде «AMANAT» партиясының қатарындағы барлық деңгейдегі депутаттыққа үміткерлердің құрамы 75% - ға жаңартылды.

Осы сайлауда ҚР Парламенті Мәжілісіне, облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттарға «AMANAT» партиясының үміткерлеріне дауыс беруге шақыратынымның бір ғана себебі бар. Ол – елімізде бейбітшілік болғанын қалайтыным. Мемлекетімізде көрші елдерде орын алып жатқан келеңсіз жайттарға жол бермеуіміз керек. Ендеше Үкіметіміздің, партиямыздың басты мақсаты - бұл бейбітшілік. Сондықтан сіздерді «AMANAT» партиясын қолдап қана қоймай, президент жүргізіп жатқан реформаларды қолдауға, жарқын болашағымызға қолдауға шақырамын!» - деп атап өтті Қуаныш Серқазыұлы.

Абай облыстық мәслихат депутаттарын сайлауда партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді

Сізге қызықты болады