«AMANAT» партиясының Ұлытау облыстық филиалынан ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына, Ұлытау облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың келесі аялдамасы Түгіскен ауылы болды, деп хабарлайды Qonaev.info.
Кандидаттар ауылдың Мәдениет үйінде тұрғындармен келелі кездесу өткізіп, ел аманатын арқалаған «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарына қысқаша тоқталып, нақтырақ түсіндіріп, үгіт-насихат шараларын жасады.
Қызылжар кентінің тұрғындарымен кездескен топ Түгіскенде де сайлаушылардың ұсыныс-тілектерін жинақтап, сауалдарына толыққанды жауап берді. Ауыл тұрғындарын титықтатқан мәселелер шоғыры бұл жерде де аз болмай шықты. Бірсыпырасына тоқтала кетсек:
Жүздесу соңына қарай сөз кезегін алған кандидаттар «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын ұсынды.
«Ол – қоғамдағы мәселелерді шешудің нақты жолы. Өткен жылы партия ауыл-аймақта, өңірлерде мыңдаған кездесу өткізіп, тұрғындардан 200 мыңнан астам ұсыныс-талаптар жинаған екен. Сол ұсыныстарды мұқият зерттеп, сайлауалды бағдарламаға енгізді, яғни сіздердің ұсыныстарыңыз да елеусіз қалмайды, мәселелерді тиімді шешудің жолдарын білеміз, алдағы уақытта мандат бұйырып жатса, жұмыстарға кірісуге мүмкіндік берілсе, еш аянбай ат салысамыз»,-деді кандидаттар.
Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді