Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Атырау облысында екі бала канал суына құлап, біреуі мерт болды

Азамат Ахметов

14 наурыз күні Атырау облысында кешкі сағат 21:20-да Бірлік ауылында ойнап жүрген балалардың екеуі канал суына құлап кеткен. Мұны облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.  

Оқиға орнында 10 жастағы бала суға батып, көз жұмған. Ал 7 жасар баланы ауыл тұрғындарды құтқарып алған. Қазір ол жансақтау бөлімінде екен.

Облыстық Полиция департаменті қазір аталған дерекке байланысты тергеп-тексеру амалдары жүріп жатқанын мәлімдеді.

Сізге қызықты болады