Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Бүгін елімізде сайлау алдындағы үгіттің соңғы күні

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Бүгін – сайлау алдындағы үгіттің соңғы күні. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты.

«Сайлау алдындағы үгіт сайлау туралы конституциялық заңның нормаларына сәйкес, сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша 00:00 сағатта аяқталады. Осылайша, бүгін сайлау алдындағы үгіттің соңғы күні. Сайлау процесіне қатысушылардың барлығына ертең, 18 наурыз тыныштық күні екенін еске саламын. Тыныштық күні алдындағы үгітпен байланысты кез келген іс-әрекетке тыйым салынады. Ол үшін заңнамамен құқықтық жауапкершілік көзделген», - деді Әбдіров.

Сайлау науқаны аясындағы 31-ші отырысқа барлық 17 өңір мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары мен мүшелері, әкім аппаратының басшылары онлайн қатысты.

Сізге қызықты болады