Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Индиан Уэллсте жеңіске жеткен Елена Рыбакинаны құттықтады, деп хабарлайды Qonaev.info.
«Индиан-Уэллстегі беделді турнирде жарқын жеңіске жеткен Елена Рыбакинаны құттықтаймын!
Біздің спортшымыз асқан шеберлігін, жеңіске деген мұқалмас ерік-жігерін және спорттағы жоғары мәдениет үлгісін көрсетті.
Елена әлемдегі үздік корттарда жаңа жетістіктерге жете береді деп сенемін!» - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram парақшасында.
Айта кетейік, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 10-орын) Индиан Уэллсте (АҚШ) өткен турнир финалында беларустық Арина Соболенконы (2-орын) жеңді.