Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті XXХІI сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды. Бұл туралы Qonaev.info Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты тақырыпта өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті XXХІI сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясының XXХІI сессиясы 2023 жылы 26-27 сәуір аралығында Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді.