Орталық сайлау комиссиясының отырысында комиссия басшысы Нұрлан Әбдіров Мәжілістің кезектен тыс сайлауының түпкілікті қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Qonaev.info.
«Сайлау заңнамасына сәйкес, республиканы тұтас алғанда Мәжіліс депутаттарының сайлау қорытындыларын ОСК сайлаудан кейін 10 күн өткен соң анықтайды және жариялайды. 20 наурызда ОСК алдан ала нәтижені жариялады. Ал бүгін Мәжіліс депутаттарының түпкілікті қорытындыларын шығарамыз», - деді Нұрлан Әбдіров.
Ол атағандай, сайлаушылардың нақтыланған тізімдеріне сәйкес саяси партиялар үшін және бәріне қарсы 6 млн 366 мың 441 дауыс берілген.
Республика бойынша сайлаушылдардың дауысы келесідей бөлінген: