Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

ШҚО-да шахтада жұмысшы көз жұмды

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысында шахтадан жұмысшының денесі табылды, деп хабарлайды Qonaev.info.

YK-news басылымының жазуынша, қайғылы оқиға 25 наурызда «Артемьевская» шахтасында болған.

Қазіргі кезде жұмысшы өлімінің мән-жайы мен себептерін арнайы комиссия анықтап жатыр.

«Не болғаны әзірше белгісіз. Белгілісі, жұмысшы шахтадағы бұрғылаушының көмекшісі болып жұмыс істеген. Мұндай жағдайларда комиссия құрылады, оның құрамына мемлекеттік және құқық қорғау органдары, біздің мамандар кіреді. Нақты не болғанын комиссия анықтайды. Тек бір ғана айтарым, адам өлімі топырақтың опырылуына, құлауына немесе басқа да техногендік жайттарға қатысты болмаған», - деді KAZ Minerals тобының корпоративтік байланыс бөлімінің менеджері Ермек Дұзкенев.

KAZ Minerals Тобының басшылығы мен ұжымы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтып, компания оның отбасына қажетті көмек көрсететінін жеткізді.

Теги:
Сізге қызықты болады