Қостанайлық тұрғындар балаларын жаппай орыс сыныптарына беріп жатыр

Шу тұрғынынан 11 келіден астам марихуана тәркіленді

Азамат Ахметов

Жамбыл облысында Шу тұрғынынан 11 келіден астам марихуана тәркіленді, деп хабарлайды Qonaev.info.

Polisia.kz мәліметіне жүгінсек, Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде сақтаудың кезекті фактісін анықтады.

Олар Шу ауданында арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Toyota Corolla автокөлігін тоқтатқан. Тінту кезінде машинаның жүк салғышынан жолаушыға тиесілі жалпы салмағы 11 келі 760 грамм болатын кептірілген марихуана салынған қара полиэтилен пакет табылды.

«Күдікті – Шу қаласының 50 жастағы тұрғыны өз кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігімен (Есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Осы баптың санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді», – деп хабарлады ПД бастығының орынбасары Нұржан Рахметуллаев.

Сізге қызықты болады