Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Болат Назарбаев «Барыс» автокөлік базарынан да айырылуы мүмкін

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Болат Назарбаев «Оптовка» атанып кеткен Алматыдағы «Барыс-4» базарынан кейін, енді әйгілі «Барыс» автокөлік базарынан да айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Qonaev.info «Пятый регион» басылымына сілтеме жасап.

Қарасай ауданының прокуратурасы жалпы ауданы 35 гектардан асатын жер учаскелерін сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тануды талап етті.

Өйткені, бұл жерлер «суармалы егістік» ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге қатысты, ал Жер кодексіне сәйкес (97-баптың 3-тармағы және 4-тармағы) ауыл шаруашылығы алқаптары ерекше қорғалуға жатады. Нысаналы мақсатын негізсіз өзгертуге жол берілмейді.

Алайда, жерді беру туралы шешім жергілікті атқарушы органдардың (Қарасай ауданы мен Қаскелең қаласының әкімдігі) келісімімен ғана жасалған.

Аудан прокуратурасы азаматтардың мүддесі үшін осы жер учаскелерін жеке қолға берудің заңсыздығына байланысты, сондай-ақ Азаматтық кодексінің 158-бабын басшылыққа ала отырып, сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тануды және оларды мемлекет балансына қайтаруды талап етеді.

«Белгілі болғандай, 2004 жылдан 2019 жылға дейін жер учаскелерін сатып алу-сатудың 7 шарты заңсыз жасалған. Қарасай ауданының, Қаскелең қаласының әкімдігі және ауданның жер қатынастары бөлімі мемлекеттік жерлерді беріп келген», - делінген БАҚ хабарламасында.

Осылайша, Болат Назарбаев «Оптовка» атанып кеткен Алматыдағы «Барыс-4» базарынан кейін, тағы бір активінен айырылуы мүмкін.

Сізге қызықты болады